В разработке...
ОРНАТУ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСУ-БАПТАУ ЖҰМЫСТАРЫ (ІҚБЖ)
Орнату және іске қосу-баптау жұмыстары (ІҚБЖ) — бұл жабдықты дұрыс орналастыруға, қосуға, баптауға және пайдалануға беруге бағытталған техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кезең жабдықтың өндіруші талаптарына сәйкес орнатылғанына, қауіпсіз жұмыс істеуге дайын екендігіне және белгіленген жағдайларда дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.


Зертханалар, өндірістік кәсіпорындар, фармацевтикалық, медициналық, тамақ өнеркәсібі және ғылыми-зерттеу ұйымдары үшін кәсіби орнату және іске қосу-баптау жұмыстары (ІҚБЖ) жабдықты сәтті енгізудің маңызды бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған жұмыстар пайдалану кезіндегі қателіктер қаупін азайтуға, жабдықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және оның қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі.
Лаборин компаниясы дистрибьюция аясында жеткізілетін зертханалық және технологиялық жабдықтарды орнату және іске қосу-баптау бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ жабдықты енгізудің барлық кезеңдерінде техникалық сүйемелдеуді ұсынады.
Біз келесі жұмыстарды орындаймыз:
  • үй-жайды және инженерлік жағдайларды дайындау бойынша кеңес беру;
  • орнату орнының дайындығын тексеру;
  • жабдықты қаптамадан шығару және сырттай қарап тексеру;
  • жеткізілімнің жиынтықтылығын тексеру;
  • жабдықты жұмыс орнына орнату;
  • қажетті инженерлік желілерге қосу;
  • негізгі жұмыс параметрлерін баптау;
  • іске қосудың және жабдықтың жұмыс істеуінің дұрыстығын тексеру;
  • жұмыс режимдерін тестілеу;
  • жабдықты пайдалануға беру;
  • персоналға пайдалану ережелері бойынша нұсқама беру және оқыту;
  • техникалық және пайдалану құжаттамасын тапсыру;
  • әрі қарай қызмет көрсету және қауіпсіз жұмыс істеу бойынша ұсынымдар беру;
  • кепілдік және кепілдіктен кейінгі кезеңде сервистік қолдау көрсету.
Іске қосу-баптау жұмыстары жабдықтың жеткізілгеннен және орнатылғаннан кейін дұрыс жұмыс істейтіндігін, ал тапсырыс берушінің персоналы пайдаланудың, қызмет көрсетудің және қауіпсіздіктің негізгі ережелерін түсінетіндігін растауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда Лаборин компаниясының мамандары жабдықты біліктілікті бағалауға (квалификация), калибрлеуге, тексеруге (поверка) немесе ішкі сапаны бақылау процедураларына дайындау кезінде де қолдау көрсетеді.
Optika компаниясының микроскопын орнату және оқыту
Установка климатической камеры Whitechnic
Pharmatest ерігіштік тестерін орнату

Esco биологиялық қауіпсіздік боксын орнату

Лаборин компаниясы тапсырыс берушілерге зертханалық және технологиялық жабдықтарды жылдам әрі дұрыс іске қосуды қамтамасыз етуге көмектеседі. Жабдықтарды жеткізу, орнату және техникалық сүйемелдеу саласындағы тәжірибенің арқасында біз шешімді таңдаудан бастап оны енгізуге, баптауға және әрі қарайғы қызмет көрсетуге дейін кешенді қолдау көрсетеміз.

Sigma центрифугасын орнату

Memmert инкубаторын орнату
Made on
Tilda